Атырау облыстық патолого- анатомиялық бюросы қазметкерлері балаларының арасында, 4-15 қараша аралығында өткен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдағына орай ұйымдастырылған сурет байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен номинанттар марапатталды. 14 сурет сайысқа түсті. Комиссия мүшелері болып, бұл байқауға балалары қатыспаған, әкімшілік қызметкерлері тағайындалды. Суреттерді таңдауда басты мақсат – ол суреттің мән-мағынасы болды. Балалар көбінесе көк аспанды және күнді бейнелеген, бұл дегеніміз сонау 1986 жылы алаңға шыққан жастардың еңбегі еш емес деген сөз, сол еңбектің, сол қақтығыстың арқасында қазіргі балардың көргені КӨК АСПАН, БЕЙБІТ ӨМІР, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ.
Жеңімпаздар
1-ші орын – Ринат Айлин
2-ші орын – Есегелді Аягөз
3-ші орын – Сағидолла Айсұлтан
Номинация “Ең кішкентай суретші”
Эдуард Адия – 3 жас
Мұханбетжан Аяулым – 3 жас
Номинация “Қашықтан қатысқан суретші”
Серікбай Санжар – Маңғыстау облысынан онлайн түрде қатысқан суретші балақай.
Ал қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыталды.
Балақайларға алғыс айтамыз, Аман болыңыздар.