ӨМІРБАЯН
Нетқалиева Айдаргүл Рахметқызы, 1974 жылы Гурьев облысы (қазіргі Атырау), Денгиз ауданы (қазіргі Құрманғазы), Көптоғай ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келді. Отбасында алты ағайынды. Әкесі – Томарғалиев Рахметолла 1937 жылы туған, анасы -Камалова Мағмура 1934 жылы туған.
Жанұялы, екі қыз тәрбиелеуде.
1981-1989 жылдар арлығында Көптоғай аулының М.И.Калинин атындағы орта мекепте 8 жылдық білім алды.
1989-1992 жж.- Гурьев медициналық училищесінде «Мейрбике ісі» мамандығы бойынша орта медициналық білім алды.
1992 жылы медициналық оқу орнын аяқтағаннан кейін Денгиз аудандық ауруханасына (қазіргі Құрманғазы) мейірбике болып, жұмысқа орналасып, сол жылдың желтоқсанында Шортанбай ауылдық ауруханасына ауыстырылды.
1993-1999 жылдар аралығында Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, жоғары медициналық білім алды.
01.09.1999-27.06.2000 жж. аралығында сот-медициналық сараптама мамандығы бойынша Ақтөбе мемлекеттік медициналық академиясында интернатура өтті.
03.07.2000 жылы – Атырау сот-медициналық сараптама бюросының сот-гистология және танатология бөліміне сот-медициналық сарапшы лауазымы бойынша қызметке тұрды.
23.01.2002-18.02.2010жж. аралығында Сот-медициналық орталығының «Жалпы сараптама» бөлімінің меңгерушісі;
19.02.2010 – 07.06.2016ж. – жалпы сараптама бөлімінің сот-медициналық сарапшысы.
2011-2014жж. дейін аккредитациялау комиссиясының шешімімен медициналық қызметтің сапасын бағалау саласы бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптаманы өткізу құқығына аккредиттелді.
2014 жылы «Жалпы сараптама бөлімінің сот-медициналық сарапшысы» мамандығы бойынша аттестациясынан өтті.
08.06.2016 – 31.01.2017ж. – ҚР ӘМ «Сот-медициналық орталығы» РМҚК Атырау филиалының жалпы сараптама бөлімінің басшысы.
2017-ші жылдың ақпан айынан бастап, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызметшілерге өткізілген конкурс шешімімен КМҚК «Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросына» Бас дәрігер қызметіне тағайындалды.
2017 жылы қоғамдық денсаулық сақтау /әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтаудан ұйымдастырушы бірінші санаты берілді.
2017-ші жылы Медицина саласына сіңірген еңбегі үшін «Медицина саласының үздігі» құрметті атағы берілді.
2017 жылдың маусым айынан Ұлттық медициналық ассоциация және бүкіл әлемдік медициналық ассоциация мүшесі.
2020-шы жылы Еліміздің Денсаулық сақтау жүйесіндегі жүргізіліп келе жатқан реформалар халық денсаулығын жақсартуға және өмір ұзақтығын созуға, сапалы медициналық қызметке қол жетімділікті арттыруда қосқан үлесі үшін Атырау облысы әкімі орынбасарының және Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.