Лайықтыға құрмет

Көп жылдан бері Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросында еңбек етіп, патанатомия саласының өркендеуіне елеулі үлесін қосқан қызметкеріміз, жоғары санатты дәрігер-патологоанатом Нұғманова Алмагүл Ғалымжанқызы “Senim Atyrau” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ төрағасы С.Дүйсеновтың атынан “Құрмет грамотасымен” марапатталды. Бұл марапат көп жылдық еңбек пен қызметтің дамуына төгілген тердің еленуі іспетті.

Құрметті Нұғманова Алмагүл Ғалымжанқызы Сізге Ұжым атынан толағай табыстар, қызметтік жетістіктер, сол жетістіктерге жетелейтін ауқымды күш пен зор денсаулық тілейміз! Құттықтаймыз!