ЕЛЕУЛі ЕҢБЕКТіҢ ЕЛЕНУі

Бүгін, 17.06.2021ж. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында, мекемемізде көп жылдан бері еңбек етіп келе жатырған лаборант-гистолог Есенова Лариса Ходжықызы “SENIM” Дансаулық сақтау саласының жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы РҚБ АОФ төрайымы М.Қашкенованың атынан “Құрмет грамотамен” марапатталды.

Сонау жылдардан бері патанатомия қызметінің өркендеуіне өз үлесін қосқан Лариса Ходжықызы , бүгінде білікті, білімді маман, мінезінде сабырлылығы мен төзімі әдемі үйлесім тапқан жан.

Сізді Ұжым атынан марапатыңызбен шын жүректен құттықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізде толағай табыстар тілейміз.

Елеулі еңбектің еленуі деп осыны айтса керек…