20 мамырда ШЖҚ КМК Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросының дәрігер патологоанатомдары Нугманова Алмагуль Галимжановна мен Сабит Арман Сабитұлы Атырау облысы санитариялық – эпидемиялогиялық бақылау департаменті, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы және М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы Атырау обаға қарсы күрес станциясы филиалының Бірлескен бұйрығы арқылы ұйымдастырылған “Аса қауіпті жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері жөнінде” облыстық вебинарына қатысты. Вебинарда жұқпалы аурулардан қорғану, сақтық шаралары жөнінде ауқымды ақпарат алынды.