АДАЛ ЕҢБЕК, ҚАРАПАЙЫМ МІНЕЗ, ЖАҚСЫ ҚЫЗМЕТКЕР

Бұл сөздердің барлығы сонау Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы қалыптасар сәттен бастап қызмет еткен, қазіргі уақытта зейнет жасындағы Сатқынова Гүлжан Сатқынқызына арналғандай дерсің..

Бюро қабырғасында білімді жас маманнан, білікті ұстазға айналған Гүлжан Сатқынқызы көптеген лаборант-гистологтарға қызметтің қыр-сырын сабырлықпен үйретіп, құшақ жайған жандардың бірі.

“Жақсының жақсылығын айт- нұры тасысын” демекші, бүгін, яғни, 17.03.21 ж. қызметкерлеріміз зейнеткеріміздің шаңырағында болып, жай сұрасып, алғыстарын айтып қайтты.

100 жасаңыз, ұстаз!