Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы тұрғындар үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтеді

Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы тұрғындар үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтеді
Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы халыққа ашықтықты арттыру, медициналық қызметтің сапасын жоғарылату және ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Патолого-анатомиялық қызмет – денсаулық сақтау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Ол аурудың нақты себебін анықтау, клиникалық диагноздардың дұрыстығын бағалау, медициналық көмектің тиімділігін талдау және болашақта осындай жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Бюро мамандары заманауи жабдықтар мен зертханалық әдістерді пайдалана отырып, зерттеулерді сапалы және дәл жүргізуге күш салуда. Сондай-ақ қоғам үшін әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту жоспарланған. Атап айтқанда:
– тұрғындарға патолого-анатомиялық қызметтің рөлі мен маңызын түсіндіру;
– көрсетілетін қызметтер туралы ашық ақпарат беру;
– сұрақтар туындаған жағдайда азаматтарға түсінікті жауап ұсыну;
– «e-Otinish» жүйесі арқылы келіп түскен өтінімдер мен сұрақтарға уақытылы жауап беру.
Мекеме өз қызметінде заң талаптарын қатаң сақтай отырып, пациенттердің құқығы мен құпиялылығын қорғауды басты назарда ұстайды.
Біз денсаулық сақтау саласының сапасын арттыруға және қоғаммен өзара сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған жұмысымызды жалғастырамыз.