⚜️⚜️⚜️САҚ ЖҮРСЕҢ, САУ ЖҮРЕСІҢ⚜️⚜️⚜️
ҚР ДСМ Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің 01.04.2022 ж. #26 және Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының 01.04.2022ж. #107 “Атырау облысы денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын-алу жөнінде 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы” БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫНА сәйкес , Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы бойынша іс-шаралар жоспары құрылған болатын. Сол жоспарға сәйкес бүгін, яғни, 21.04.2022ж. медициналық қызметкерлер арасында “Обаға қарсы костюмді киіп, шешу туралы” үйрету-сабағы өтті. Бас лаборант А.Мурзагалиеваның көмегімен орта медицина қызметкері Ж.Идрисова костюмді киюдің және шешудің оңтайлы, қауіпсіз тәсілдерін, жолдарын көрсетті. Үйрету сабағына қатысқан медицина қызметкерлері бұған дейінгі білімдерін жетілдіріп, нығайтты.