Ағымдағы жылдың 15.03.2022 ж. Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросының жоспары бойынша, Атырау обаға қарсы күрес станциясының маманы Е.А.Амиржановтың төрағалығымен медицина қызметкерлері арасында “Оба, тырысқақ ауруының патологоанатомиялық режимі” тақырыбында семинар, жаттығу сабағы өтті. Сабақта қызметкерлердің аса қауіпті инфекцияға күмәнді қайтыс болған науқастардың денесі келіп, түскен уақытта қандай сақтық шараларын орандау керектігі тереңірек түсіндірілді. Жеке қорғаныш құралдары мен обаға қарсы костюмінің қызметтері, сипаты туралы айтылды. Қызметкерлер қажетті мағұлмат жиып, қажетті сұрақтарына жауап ала алды.